Aitas Шығыс Қазақстан облысында өсімдік шаруашылығы бағытын дамытуды жалғастыруда. 2018 жылы Aitas өсімдік шаруашылығының 20 220 тонна өнімін өндірді, 2019 жылы бұл көрсеткішті 1,5-2 есе арттыру көзделген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша компания басқаруындағы жердің жалпы көлемі 16 200 га құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30% артық. Компания жоспарында 2022 жылға қарай егістік жерлердің көлемін 48 673 га дейін жеткізу, оның ішінде суармалы – 3000 га. Сондай-ақ 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жерді жалға алу аукционына қатысу ойластырылуда.
2018 жылы Агро бағыт бойынша Шығыс Қазақстан облысында егіс алқаптарын 12 500 га-дан 16 200 га-ға дейін кеңейту туралы шешім қабылданған, осы мақсатта қосымша жерлер сатып алынды. Aitas, 2017 жылмен салыстырғанда, дәнді дақылдардың өнімділігін 40%-ға арттырды. Жаңғырту нәтижесінде, техника паркі 3 бірлік New Holland Т8.410 тракторымен, 2 бірлік Lexion 770 ТТ комбайнымен, 3 бірлік 24-қатарлы Julia Tronic нақты егетін отамалы тұқымсепкімен, 4 бірлік үшөстік тіркемесі бар Камаз автомобилімен және басқа да техникамен толықты.