Бізге жазу
Жеке кабинет
«Аitas KZ» АҚ

«Аitas KZ» АҚ- кәсіпорындар тобы үшін басқарушы компания болып табылады. Топ құрамына мыналар кіреді: «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ, «Айтас-ЕӨ» ЖШС, «Aitas meat distribution» ЖШС, «ЗАЩИТА УБА» ЖШС, «Макинск Құс фабрикасы» ЖШС, «Макинск құрама жем зауыты» ЖШС, «Айтас-Энерго» ЖШС, «Тірі Жер» Корпоративтік Экологоиялық Қоры, «Сарыарқа» құрылыс корпорациясы» ЖШС.

«Аitas KZ» АҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады: бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттарын құрастыру және іске асыру, негізгі қағидаларды, менеджмент және үдеріс стандарттарын құрастыру, еншілес компанияларды операциялық басқару, бизнес, қаржы және кадрларды шоғырландыру, профильді емес активтерді әкімшілдендіру, орталықтандырылған мониторинг және оперативті іс-әрекетті бақылау. Компания штаты жоғары кәсіби білікті 60 маманнан тұрады, олар компания тобы аясында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау жасайды.

Сіздерді «Aitas» Компаниялар тобының сайтында қош көрдік!

1996 жылы «Aitas» негізі қаланған сәттен бастап 20 жылдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде бір компаниядан «Aitas» өсімдік шаруашылығы, құс етін өндіру және өңдеу, дистрибуция, жобалау және құрылыс саласындағы 11 кәсіпорыннан құрылған вертикалды-интеграцияланған холдингке айналды.

Жылдар бойы жұмыста да және өмірде де біз қызметкерлермен бірлесіп қабылданған құндылықтарды басшылыққа аламыз: бұл – шынайылық, сенім, драйв, даму, еркіндік және жауапкершілік. Бүгінгі таңда холдингте 2 500 астам адам қызмет етеді.

«Aitas»-тың айрықша белгісі – мақсатта жету жолындағы табандылық. Небәрі үш жылдың ішінде біз Макинск құс фабрикасын салдық, қазір оны әлемдік құс өндірісінің бенчмаркі деп нық сеніммен айта аламыз. Биылғы жылы біз жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктерін зерттеуді, Орталық Азия және Қытай нарығына шығу үшін Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жаңа құс фабрикаларының құрылысы сияқты жүздеген миллион долларға ірі жобаларды әзірлеуді көздеп отырмыз.

Атап өту керек, біз үшін басты басымдықтардың бірі – біздің кәсіпорындарымыз жұмыс істеп тұрған өңірлерді дамыту, бұл – Ақмола облысындағы Макинск қаласы, Шығыс Қазақстандағы Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов кенті, Жоғарғы Үбі және Секисовка ауылдары. Болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау, инфрақұрылымды жақсарту және аты аталған ауылдық жерлерді дамыту бойынша міндеттер Холдингпен «Тірі жер» корпоративтік экологиялық қоры арқылы шешіледі.

Айналадағы әлемді жақсарта түсу үшін біз үнемі бизнесті өркендету жолында тынбай еңбек етеміз. Біздің тұтынушыларымыздың, қызметкерлеріміздің, серіктестеріміздің мүдделері – біздің күнделікті жұмысымыздың басты бағдары. Күн сайын біз жүздеген адамның өмірін қайтіп гүлдендіруге болатыны жайлы ойланамыз.2019 жыл біз үшін ерекше жыл болды, біз бизнестің мәнін ұғынып, оны Компания қызметінің бағытында айқындадық: ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ ЕТУ.

«Aitas KZ» АҚ бас директоры Толықпаев С.Қ.

Қысқаша өмірбаян

Қысқаша өмірбаяны

Толұқпаев Серік Құлұмбекович –«Aitas» компаниялар тобының құрылтайшысы.

1970 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Белқарағай ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қазақстандық ауыл шаруашылығы институтының «Агрохимия және топырақтану» мамандығын бітірді. 2002 жылы «Әділет» Жоғары құқық мектебінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

Бизнестегі өз мансабын 1993 жылы бастады.

Серік Құлұмбекович 2004 жылдан бастап «Өскемен құс фабрикасы» АҚ акционері болып табылады, ал 2012 жылдың ақпанынан бастап Бас директоры лауазымына тағайындалған.