Бізге жазу
Жеке кабинет
Aitas өсімдік шаруашылығы бағытын дамытуда
19 апреля 2019
Aitas өсімдік шаруашылығы бағытын дамытуда

Aitas Шығыс Қазақстан облысында өсімдік шаруашылығы бағытын дамытуды жалғастыруда. 2018 жылы Aitas өсімдік шаруашылығының 20 220 тонна өнімін өндірді, 2019 жылы бұл көрсеткішті 1,5-2 есе арттыру көзделген. 2018 жылдың қорытындысы бойынша компания басқаруындағы жердің жалпы көлемі 16 200 га құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 30% артық. Компания жоспарында 2022 жылға қарай егістік жерлердің көлемін 48 673 га дейін жеткізу, оның ішінде суармалы – 3000 га. Сондай-ақ 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жерді жалға алу аукционына қатысу ойластырылуда.

2018 жылы Агро бағыт бойынша Шығыс Қазақстан облысында егіс алқаптарын 12 500 га-дан 16 200 га-ға дейін кеңейту туралы шешім қабылданған, осы мақсатта қосымша жерлер сатып алынды. Aitas, 2017 жылмен салыстырғанда, дәнді дақылдардың өнімділігін 40%-ға арттырды. Жаңғырту нәтижесінде, техника паркі 3 бірлік New Holland Т8.410 тракторымен, 2 бірлік Lexion 770 ТТ комбайнымен, 3 бірлік 24-қатарлы Julia Tronic нақты егетін отамалы тұқымсепкімен, 4 бірлік үшөстік тіркемесі бар Камаз автомобилімен және басқа да техникамен толықты.