Бізге жазу
Жеке кабинет
Біздің миссия

Біздің міндетіміз

«Аitas» компаниялар тобының серпінді дамуы біздің бизнесіміздің Философиясын, Құндылықтары мен Мақсатын нақты анықтап алусыз мүмкін емес еді. Бұлар компанияның әрбір қызметкері үшін күнделікті іс-әрекетінің негізгі құралдары болып табылады.

Әріптестерімен, серіктестерімен өзара әрекеттесу, шағын және үлкен шешімдерді қабылдау Құндылықтар және Философияларды басшылыққа алу негізінде жүзеге асады. Мақсаттарын іске асыруға тырысу біздің жұмысымызды ымырамен толтырады және ұжымды аса биік мақсатты міндеттерді шешуде ұжымды біріктіруге мүмкіндік береді.

Біздің бағытымыз - бизнес философиясын өзгерте отыра, әлемді жақсыға қарай өзгерту. Бизнес - бұл адамзатқа қызмет ету.

Біздің бизнесіміздің философиясы компанияның адамзат баласына пайда әкелуіне бағытталған, ал жұмыс барысында әрбір қызметкердің таланты мен құмарлығы ашылады.

«Аitas» компаниялар тобының қызметкерлері күнделікті өмір мен жұмыста осы құндылықтарға бағытталады. Құндылықтардың өзі және олардың түсініктемесі ұжыммен ұсынылған. Сондықтан олар әрбіреуімізге жақын және түсінікті.

Біздің құндылықтар
  • Шынайылық
  • Сенім
  • Құштарлық
  • Адамға деген сүйіспеншілі
  • Сұлулық
  • Шынайылық – бұл өзінің алдындағы әділеттілік. Шынайылық басқа адамдар немесе жағдайлардың талап етуінен тәуелсіз шын жүректен болуы керек.
    - Біздің қызметкерлер өз пікірлерін ашық жеткізеді және олардың сөздері іс-әрекеттерімен сәйкес келетініне сенімдіміз.
    - Біз өзімізге адал бола отыра, өзімізді алдамаймыз.
    - Біз жұмысқа қатысты қиыншылықтар туындаған жағдайда әріптестерімізден еркін көмек сұрай аламыз және көмек сұраудан қорықпаймыз.
  • Сенім – бұл басқа адамдарға деген сенімділік және өз тобыңа сенім арта алу мүмкіндігі.
    - Біз басынан бастап әрбір адамға жақсы көзқараспен қараймыз.
    - Өкілеттіліктерді табыстай отыра, біз әріптестерімізге сенім арта аламыз және үдеріс барысын аз бақылаймыз.
    - Сенімнің кері жағы – бұл жауапкершілік. Соны түсіне отырып, біз өзіміздің әрекеттеріміз бен жұмыс нәтижелеріміз үшін әрқашан жауапкершілік аламыз.
  • Құштарлық – бұл жағымды энергетика, құмарлану, құлшыныс және жұмыстан, кез-келген іс-әрекеттерден рақаттану.
    - Біз компанияда «нұрланған көздермен» және күлкі үйрілген жүздермен жұмыс істегенді жақсы көреміз және сондай-ақ белсенді демалысты ұнатамыз.
    - Біз барлық істейтін істерімізді үлкен қызығушылықпен атқарамыз.
    - Өз жұмысымызбен айналыса отырып, сүйікті ісімізді орындаймыз және әрбіреуіміздің алдыға қарай итеретін ішкі уәждемеміз бар.
    - Барлығына деген жағымды қатынас жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Адамға деген сүйіспеншілік – бұл әрбір адамға деген құрмет, оны оның мәртебесіне қарамастан өз қалпында қабылдау және басқалар үшін шынайы қуана білу.
    - Біз үшін әрбір адам - бұл жеке тұлға, сондықтан әріптестерімізге құрметпен қараймыз.
    - Біз бізді қоршаған адамдарға ілтипатпен қараймыз, оларды тыңдай және ести аламыз, адамдарға ашықтық танытуға дайынбыз.
    - Біздің әрбіреуіміз бір-бірімізге қол ұшын созуға үнемі дайын тұрамыз және олар өздеріне әрқашан көмектесетініне сенімді.
  • Сұлулық – бұл ішкі және сыртқы құндылық, ол өзін дамыту, мәдениетін, ішкі әлемінің байлығы және үйлесімді әрекеттер арқылы көрініс табады.
    - Әдемі әрекеттер, жұмысқа деген сүйіспеншілік және әлемді жақсарта түсуге деген ұмтылыс - бұның барлығы ішкі сұлулық.
    - Сыртқы әдемілік те маңызды: мұнтаздай сыртқы әлпет, «әдемі» орындалған жұмыс, айналамыздағы жағымды көңіл-күй.
    - Әдемі ойлан, әдемі әрекет ет, әдемі арманда!