Бізге жазу
Жеке кабинет
Компания туралы

«Аitas KZ» АҚ- кәсіпорындар тобының басқарушы компаниясы. Топ құрамына мына кәсіпорындар кіреді: «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ, «Айтас-ЕӨ» ЖШС, «Aitas meat distribution» ЖШС, «ЗАЩИТА УБА» ЖШС, «Макинск Құс фабрикасы» ЖШС, «Макинск құрама жем зауыты» ЖШС, «Айтас-Энерго» ЖШС, «Тірі Жер» Корпоративтік Экологоиялық Қоры, «Сарыарқа» құрылыс корпорациясы» ЖШС.

«Аitas KZ» АҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады: бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттарын құрастыру және іске асыру, негізгі қағидаларды, менеджмент және үдеріс стандарттарын құрастыру, еншілес компанияларды операциялық басқару, бизнес, қаржы және кадрларды шоғырландыру, профильді емес активтерді әкімшілдендіру, орталықтандырылған мониторинг және жедел қызметті бақылау. Компания штатында 60 жоғары білікті маман қызмет істейді, олар компаниялар тобы аясында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау жасайды.

Компания жаңалықтары

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласына жұмыс сапары аясында «Макинск құс фабрикасы» ЖШС 2-кезегінің ашылуына қатысты. 

23 декабря 2020
«Aitas» Компаниялар тобының топ-менеджерлері бизнесті дамыту стратегиясын талқылау және өздерін экстремальды жағдайда сынап көру үшін африкалық құрлыққа аттанды
12 апреля 2019
2015 жылы Өскемен құс фабрикасы Қазақстанның болашақ «бәсекеге қабілетті көшбасшылардың» тізіміне енді. Сол жылы ӨҚФ өнімін өндірудің көлемі 22,9 мың тоннаны құраған еді, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 2,4 мың тоннаға артты. Осындай зор нәтиже, сондай-ақ ет өңдеу бойынша өндіріс көлемдері компанияға 30% өсімді қамтамасыз етті және өткен жылы 14 млрд теңге пайда әкелді. 2017 жылдың алғашқы төрт айында фабрика 8,3 мың тонна дайын өнім шығарды, ет өңдеу бойынша көлемдер 1,8 мың тоннаны құрады.