Намибияда «Aitas» Компаниялар тобының он үш өкілі өзге ұлттың мәдениетімен, әдет-ғұрпымен және ең бастысы – адамдарымен танысты. Табиғат сұлулығына тамсана отырып, басқа құрлықта бизнес мақсаттарын талқылаумен уақытты пайдалы өткізу – жыл бойы тиімді жұмыс істеудің кепілі.
Саяхат Этош ұлттық паркінен басталды, бұл Намибиядағы ең ірі парктердің бірі. Сафари және Оңтүстік Африка үшін тән жануарлар – пілдер, зебра, жирафтар және түйеқұстар, сондай-ақ кербез жыртқыш аңдар – арыстандар мен гепард. Сонымен қатар, жергілікті тайпа Химбамен де таныстық болды, олар сусыз күн көреді және өз денелерін жосадан жасалған креммен сәндейді.
Біздің қызметкерлердің Намиб шөлінің орталығы саналатын – Соссуфлей үстіртіне баруға сәті түсті. Бұл құмды дөңдер мекені. Біздің саяхатшыларымыз шөлдегі ең биік дөңдердің біріне (биіктігі шамамен 325 метр) шығуды көздеді. Міндет оңай секілді, алайда бұл тек бір қарағанда, өйткені шыңға жету үшін тоғыз шақырым жерді өту керек, дене салмағы жоғарылаған сайын, соғұрлым құмға терең еніп кетесің. Бірақ Aitas алыптарының мықты командасы үшін бағынбайтын шыңдар жоқ!
Біздің дөңді бағындыру әдісімен бөлісетін болсақ: сізге мақсатты айқын қою, екі сағат уақыт және нағыз көшбасшылар командасы қажет. Ең бастысы, біздің батырларды сенім, шынайылық және драйв біріктірді. Дәл осы аталғандар «Aitas» Компаниялар тобының құндылықтары болып саналады!