«Aitas» Холдингі өкілдері Ақмола облысы әкімі бастап келген әкімдік қызметкерлерін құс фабрикасының жұмысымен және болашаққа даму жоспарларымен таныстырды. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Макинск құс фабрикасы секілді зәкірлі кәсіпорындарда инфрақұрылымды құру бөлігінде қолдау көрсету туралы бірқатар тапсырма берді.
2018 жылы құс фабрикасының қуаты 25 000 тонна болатын бірінші кезегі іске қосылды. 2020 жылы қуаты осыған ұқсас екінші кезекті пайдалануға енгізу жоспарланды, бұл кәсіпорынды Қазақстан және Орталық Азия аумағындағы ірі кәсіпорынға айналдырады.