1 декабря 2015
«Айтас-ЕӨ» ЖШС: тек алға!
Небәрі екі жыл бұрын Өскемен қаласында Самар тас жолында құс етін өңдеу бойынша зауыт салтанатты түрде ашылған болатын. Содан бері «Айтас-ЕӨ» ЖШС тек қана аяққа тұрып қана қойған жоқ, ол сондай-ақ Қазақстанның тағам өңдеу өнеркәсібінің сәтті кәсіпорынына айналды. Жобаны дамыту аясында нарыққа «Кус&Вкус деликатестері» және «АЕӨ» сауда белгісімен өнімдер шығарыла бастады. Зауыт сұрыпталымында шамамен 80 аса азық-түлік атауы бар. Қазіргі уақытта Айтас-ЕӨ Шығыс Қазақстан облысы нарығының 30% қамтиды, сонымен қатар зауыт өнімдері Оңтүстік Қазақстаннан да өз тұтынушыларын тапқан.