Бізге жазу
Жеке кабинет
Ынтымақтастыққа дайынбыз!
9 августа 2017
Ынтымақтастыққа дайынбыз!

9 тамызда Өскемен құс фабрикасы ата-енелік балапандар мен ата-енелік табынды азықтандыру мәселелерімен консультациялау бойынша әрі қарай ынтымақтастық аясында кәсіпорын басшылығының Alltech компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында құс шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды. Фабрика мамандары РОСС 308 кроссына қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Тәуелсіз консультант Азиз Сакрани аталмыш кросқа қатысты өзінің кеңестерін берді. Сонымен қатар негізгі сұрақтар құсты азықтандыру, жұмыртқа мен шикізат сапасына қатысты болды. Кездесу нәтижелері бойынша Alltech өкілдері бас директор Бейбіт Қамалжанұлы мен «ӨҚФ» АҚ ұжымына осындай іс-шара ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді.

«Біздің келуіміз «ӨҚФ» АҚ үшін де, сіздің мамандарыңыз үшін де пайдалы болды деген үміттеміз – деді Азиз Смагулов – тағы айтқым келетіні, Alltech компаниясы кез келген күрделі міндетті шешуде көмеке келуге, сондай-ақ сіздің қызметкерлеріңізді тұрақты оқытуға әр кез дайын».