«Макинск құс фабрикасы» ЖШС - Еуропа Қайта құру және даму банкі, «Baiterek Venture Fund» венчурлық қоры және Қазақстанның Даму Банкінің кредит желісі қолдауымен «Aitas» Компаниялар тобының ұзақ мерзімді даму стратегиясы шеңберінде іске асырылып жатқан жоба.
Құс фабрикасының құрылысы 2015 жылы Ақмола облысының Бұланды ауданында басталған. Жобаны іске асыру құны 45,6 млрд. теңге, бұл осы саладағы ең ірі инвестициялық жоба болып табылады. Қазіргі таңда кәсіпорында 800 астам адам жұмыспен қамтылған.
Макинск құс фабрикасының жылына 25 000 тонна құс етін өндіру қуаттылығымен бірінші кезегі Ақмола облысының Бұланды ауданында іске қосылған. Кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсімі 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Астанадан екі жүз шақырым жерде орналасқан Макинск қаласында өтті. Ашылу рәсіміне орай Макинск құс фабрикасының 220 қызметкері ұзындығы 223 метр 65 сантиметр құс етінен кәуап әзірледі. Жаңа рекордты растау үшін арнайы Макинск қаласына Гиннестің рекордтар кітабының төрешісі Паулина Сапинска ханым келді. Рекордты орнату туралы ақпарат сондай-ақ Гиннестің рекордтар кітабының сайтында орналасқан.
Макинск құс фабрикасының бірінші кезегі тоғыз өндірістік объектіні қамтиды, оның ішінде: инкубатор; әрқайсысында он екі құс қорасы бар төрт бройлерлік алаң; құс етін өңдеу зауыты; қорда-алаңы; жемшөп өндіру цехі. Құс фабрикасының аумағында орналасқан барлық ғимараттардың жалпы алаңы 227 366,88 м2 құрайды. Кәсіпорында өндірістің биоқауіпсіздік және экологиялылық талаптарын сақтау мақсатында инкубациялық өндіріс, өсіру, құсты сою және ет-сүйек ұнын өндіру кезеңдерінде жоғары технологиялық энергияны үнемдейтін жабдық қолданылады.
Ұқсас қуаттылықпен (жылына 25 000 мың тонна құс еті) екінші кезекті пайдалануға енгізгеннен кейін, Макинск құс фабрикасы құс етін өндіру көлемі бойынша сағатына 9 000 бройлер өңдеу қуаттылығымен Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорынға айналмақ. Құс фабрикасы өндіретін негізгі өнім – тоңазытылған бройлер еті. Екінші кезекті іске қосқаннан кейін, кәсіпорын қуаттылығы Қазақстанның ішкі нарығының құс етіне қажеттілігін 15% дейін қанағаттандыруға мүмкіндік береді (2017 жылы елдегі құс етін тұтыну 341 000 тоннаны құрады), бұл өз кезегінде өнім импортын қазіргі 50,4%-дан 32,6%-ға дейін қысқартуға жол береді.
«Aitas» Компаниялар тобының стратегиялық жоспарында Макинск құс фабрикасының үшінші кезегі де көзделген, 2023 жылы жылына 100 000 тонна ет өндіру қуаттылығына шығу жоспарланған. Осы мақсатта қосымша түрде 100 миллион доллар инвестиция салынбақ. Орта мерзімді перспективада компания IPO-ға шығуды қарастыруда.