Бізге жазу
Жеке кабинет
Макинск құс фабрикасы «Хрустальный колос» облыстық спартакиадаға демеушілік көрсетті
4 марта 2019
Макинск құс фабрикасы «Хрустальный колос» облыстық спартакиадаға демеушілік көрсетті

2019 жылдың 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Бұланды ауданының Макинск қаласында «Хрустальный колос (Хрусталь масақ)» XXXIII қысқы облыстық спартакиада өтті. Спартакиадаға облыстың он жеті ауданынан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан 600-ден астам әуесқой спортшы қатысты. Спартакиада аясында спорттың қысқы түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды, соның ішінде, шаңғы жарыстары, шорт-трек, отбасылық старттар, қысқы президенттік көпсайыс, мини футбол, футзал және спорттық балық аулау бойынша жарыстар.  

Макинск құс фабрикасының директоры Алексей Шевченко: «Біз денсаулықты жақсартуға бағытталған, әрі қатысушылар мен жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын шараға қуана-қуана қолдау көрсеттік. Бүкіл МҚФ қызметкерлерінің атынан Бұланды ауданының командасын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!» - деп атап өтті.