«Өскемен құсфабрикасы» АҚ - құс өндірісі бойынша Қазақстандағы ірі кәсіпорын болып табылады. 1976 жылы құрылғын құс фабрикасы 40 жыл бойы тұтынушыларды жоғары сапалы өнімдер жиынтығымен қамтамасыз етіп келеді.
Компанияның нарықтағы үлесі 24 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта Өскемен құс фабрикасы - бұл аяқталған технологиялық тізбегі бар өндіріс - ата-аналық өрісті өсіруден бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі өндірістер тізбегінен тұрады. Бұл бағыт барлық үдерісті бақылауға мүмкіндік береді және осылайша, тұтынушылар сенімінің негізгі факторы - сапа тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
2009 жылы құс фабрикасы базасында құс етін өңдеу бойынша жаңа зауыт іске қосылды, оның жобалық қуаттылығы - сағатына 6000 бас. Бұл инновациялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорын Қазақстан үшін жап-жаңа өнім түрі «Куc&Вкус» деп аталатын сауда белгілері салқындатылған ет шығару өнідірісін жолға қойды.
Өскемен құс фабрикасының өнімдері жиынтығының құрамы 30 мұздатылған өнімдерден, 32 салқындатылған және 14 маринадталған жартылай дайын өнімдерінен құралған.
Құс фабрикасының барлық өнімдері халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001 және ИСО 22000 стандарттары бойынша сертификатталған. Сонымен бірге Компания тұтынушыларға шығарылатын өнімнің абсолютті экологиялық өнім екендігін кепілдендіретін «ЭКО» белгісін және «Халал» талаптарына сәйкестілігі туралы куәлігін алған. 2010 жылдың желтоқсанында құс фабрикасы «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме-сайысында «Ең үздік азық-түлік өнімі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Дамуға негізгі күшті сала отырып, кәсіпорын алдыңғы қатарлы технологияларды кеңінен қолданып, жаңа өндірістік шеберханалар құрылысына қаржыны инвестициялайды, құрылғыларды жеткізеді және оларды жаңартады. Бірақ та компанияның сәттілігі тек техникалық кеңейтулер және сапалы менеджментке ғана байланысты емес, ең бастысы кәсіпорынның басты құндылығы - кәсіби ұжым болып табылады, ал оның жалпы саны 800 адамнан тұрады.