Бізге жазу
Жеке кабинет
«Аitas-Group» ЖШС - ең үздік жұмыс беруші!
12 октября 2016
«Аitas-Group» ЖШС - ең үздік жұмыс беруші!

29 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ бағаналар залында «Халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету саласындағы Өскемен қаласының ең үздік жұмыс берушісі» сайысының жеңімпаздарын құттықтау салтанаты өтті.

Сайыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына және Еңбек күніне орайластырылып және іскерлік бәсекелестікті арттыру және жұмыссыздықпен күресу мақсатында өткізілді. Сайысты ұйымдастырушы - қаланың әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі.

Сайысқа қатысу жайлы өнеркәсіп, құрылыс, жылу энергетикасы, байланыс, сауда, коммуналдық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, ірі, орта және шағын бизнес салаларының 15 кәсіпорыны өтінім берді. Бұл компаниялар жаңа жұмыс орындарын ашуға, еңбек жағдайын жақсартуға, қаладағы әлеуметтік серіктестікті дамыту және бекіте түсу үшін белсенді ықпал жасайды. Бірақ соған қарамастан Өскеменнің тек 6 жұмыс берушісі ғана марапат алды. Солардың қатарында «Аitas-Group» холдингі де болғаны өте қуанышты.