14 ақпанда Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары өкілдерінің Ақмола облысына экономиканың нақты секторын оңалту және бизнесті дамыту мәселелері бойынша Ақмола облысына жұмыс сапары өтті.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев Макинск құс фабрикасының (бұдан әрі – МҚФ) қызметімен және даму жоспарларымен танысты. Осыдан кейін вице-премьер қаржы, ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдеріне МҚФ сияқты якорлық кәсіпорындарды инфрақұрылым келтіруді қаржыландыру бөлігінде қолдау туралы бірқатар тапсырмалар берді.
2018 жылы құс фабрикасының қуаты 25 000 тонна болатын бірінші кезегі іске қосылды. 2020 жылы қуаты осыған ұқсас екінші кезекті пайдалануға енгізу жоспарланды, бұл кәсіпорынды Қазақстан және Орталық Азия аумағындағы ірі кәсіпорынға айналдырады.