Бізге жазу
Жеке кабинет
ҚР Президенті Макинск құс фабрикасы өндірісін іске қосты
11 декабря 2018
ҚР Президенті Макинск құс фабрикасы өндірісін іске қосты

2018 жылдың 11 желтоқсан айында «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпірі  өтті. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жаңа алыбы – «Макинск құс фабрикасы» таныстырылды.

Жобаны «Aitas KZ» АҚ-ның Бас директоры Серік Толықпаев және Ақмола облысының Әкімі Мәлік Мырзалин таныстырды. С. Толықпаев Президентке айтқан өз үндеуінде жобаны дәл осы Ақмола облысында іске асырудың маңыздылығын атап өтті: «Төрт жыл бұрын, Сіз Шығыс Қазақстан облысындағы біздің «Айтас ет өңдеу» жаңа зауытымызға сапармен келгеніңізде, Ақмола облысында Орталық Азия мен Қазақстандағы қуаттылығы жылына 50 мың тонна болатын ең ірі құс фабрикасының жобасын іске асыруға тапсырма берген едіңіз. 

Тапсырмаңызды бұлжытпай орындадық! Бүгінде, біз Астана айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі бағдарламаның міндеттерін шешетін,  жаңа құс фабрикасының бірінші кезегін іске қосуға дайынбыз.»

Ағымдағы жылдың соңына дейін Макинск құс фабрикасы шамамен 3 500 тонна өнім шығаратын болады, ол Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның ет өңдеу кәсіпорындарына жіберіледі және 23% көлемге дейін еліміздің оңтүстік өңірлеріне жеткізіледі. Фабрика шығаратын негізгі өнім – суытылған бройлер еті.

Жақын айларда қаптама жабдықтарының монтажы аяқталады. 2019 жылғы қаңтар айынан бастап МҚФ толық автоматтандыру режимінде жұмыс жасайды, соның нәтижесінде құс фабрикасының өнімі «Кус&Вкус» атты брендпен бөлшек саудаға шығатын болады.

2019 жылы МҚФ бірінші кезектің толық жобалық қуатына шығуды – жылына 25 000 тонна өнім, сондай-ақ екінші кезектің құрылысына кірісуді жоспарлайды.