Бізге жазу
Жеке кабинет
Макинск құс фабрикасы алғаш рет 1500 тонна құс етін өндірді
14 декабря 2018
Макинск құс фабрикасы алғаш рет 1500 тонна құс етін өндірді

2018 жылы қыркүйекте ашылған Макинск құс фабрикасы (бұдан әрі – МҚФ) 1500 тонна құс етін өндірді. Алғашқы өнім Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның ет өңдеу компанияларына сатылды.

2019 жылдың аяғында МҚФ 25 000 тонна дайын өнім жоспарлы қуатқа шықты. Құс фабрикасы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарының нарықтарына бағытталған. Қазіргі сәтте құс фабрикасында қаптау жабдығын монтаждау жүргізілуде, қаптамасыз бөлшек саудаға шығару мүмкін емес. Наурызда, қаптау жабдығын монтаждау және ретке келтіру аяқталғаннан кейін «Кус&Вкус» брендімен МҚФ өнімі бөлшек саудада пайда болады. 

Қазір Ақмола облысында Өскемен құс фабрикасында (ӨҚФ) өндірілген «Кус&Вкус» брендінің салқындатылған құс еті сатылады.