Бізге жазу
Жеке кабинет
 Макинск құс фабрикасы ISO 22000:2005 және Halal сертификаттарын алды
3 декабря 2018
Макинск құс фабрикасы ISO 22000:2005 және Halal сертификаттарын алды

«Кус&Вкус» брендінің өнімі Халал сапа стандарттарына және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқарудың халықаралық жүйесіне сәйкес сертификатталған. 

Макинск құс фабрикасы 2018 жылы күзде Ақмола облысында ашылды. Мұнда инкубациялау, құстарды өсіру, сою және бұзу, салқындату және қаптау, сою қалдықтарын қайта өңдеу, әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарын қолдану арқылы жем өндіру саласындағы үздік заманауи технологиялар қарастырылған. Өндірісте дайын өнімнің сапасына қойылатын Еуропалық талаптар, тірі құсқа (жерде күтіп ұстау) ізгілік қатынас және Халал стандартының нормативтері ескеріледі. Қазіргі сәтте бұл Қазақстандағы ең заманауи өндіріс.

Өскемен құс фабрикасы 1976 жылдан бастап құс етін өндіреді. 2009 жылы құс фабрикасының базасында құс етін қайта өңдеу бойынша жаңа зауыт іске қосылды, оның жобалық қуаты – сағатына 6000 бас. Осы инновациялық жобаны іске асырудың арқасында кәсіпорын Қазақстан үшін жаңа өнім түрін – «Куc&Вкус» брендімен салқындатылған етті өндіре бастады.   

ӨҚФ барлық өнімі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001 және ИСО 22000 стандарттары бойынша сертификатталған. Сондай-ақ, компания тұтынушыларға өндірілетін өнімнің абсолютті экологиялығына кепілдік беретін «ЭКО» белгісін және «Халал» талаптарына сәйкестігі туралы куәлігін алды.