Бізге жазу
Жеке кабинет
Компания туралы

Жобалау компаниясы, 2018 жылы құрылған, «Aitas» Холдингінің құрамына кіреді. Жобалау және іздестіру қызметі бойынша бірінші санатты лицензиялары бар. Қызметкерлердің тәжірибесі мен кәсібилігі жобалау және құрылыс саласындағы тың технологияларды пайдалана отырып, жобалау-іздестіру жұмыстарының барлық кешенін жедел, әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді.   

Компанияның өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, көлік, тұрғын үй және қоғамдық мақсаттағы құрылыс саласында жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға, оның ішінде, техникалық тұрғыда күрделі объектілердің құрылысын жобалауға және сүйемелдеуге мүмкіндігі бар. Компанияны «Saryarka Project» ЖШС директоры Серік Арқашұлы Шәріпов басқарады.