«Аitas KZ» АҚ- кәсіпорындар тобының басқарушы компаниясы. Топ құрамына мына кәсіпорындар кіреді: «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ, «Айтас-ЕӨ» ЖШС, «Aitas meat distribution» ЖШС, «ЗАЩИТА УБА» ЖШС, «Макинск Құс фабрикасы» ЖШС, «Макинск құрама жем зауыты» ЖШС, «Айтас-Энерго» ЖШС, «Тірі Жер» Корпоративтік Экологоиялық Қоры, «Сарыарқа» құрылыс корпорациясы» ЖШС.
«Аitas KZ» АҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады: бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттарын құрастыру және іске асыру, негізгі қағидаларды, менеджмент және үдеріс стандарттарын құрастыру, еншілес компанияларды операциялық басқару, бизнес, қаржы және кадрларды шоғырландыру, профильді емес активтерді әкімшілдендіру, орталықтандырылған мониторинг және жедел қызметті бақылау. Компания штатында 60 жоғары білікті маман қызмет істейді, олар компаниялар тобы аясында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау жасайды.