Бізге жазу
Жеке кабинет
Макинск құс фабрикасының қызметкерлері жаңа әлемдік рекорд орнатты
28 сентября 2018
Макинск құс фабрикасының қызметкерлері жаңа әлемдік рекорд орнатты

2019 жылғы 28 қыркүйекте қуаты жылына 50 000 тонна құс етін шығаратын, Орталық Азия мен Қазақстандағы ең үлкен құс фабрикасы - “Макинск құс фабрикасы” ЖШС ашылғаннан кейін, оның 220 қызметкері тауық етінен ұзындығы 223 метр 65 сантиметр болатын кәуап дайындады. Жаңа рекордты растау үшін арнайы Макинске Гиннесс рекордтары кібатынан судья Паулина Сапинска ханым келді. Рекорд орнату туралы ақпарат Гиннесс рекордтары кітабының сайтында орналастырылған.

Макинсктің орталық көшесінде мангал орнатылды, ол қағидаларға сәйкес бүгіліссіз түзу болу керек. Мұндай кәуап дайындау - көп еңбекті талап ететін жұмыс, алдын ала дайындалған кәуапты қыздырылған мангалға бір уақытта қойып, жан-жағынан қуырылатындай және жеуге болатындай етіп дайындау өте күрделі. Кәуапты дайындау үшін 420 килограмм тауық еті пайдаланылды, рекордтық кәуаптың дәмін көруге үш мыңнан астам адам келді.