Бізге жазу
Жеке кабинет
Үйде тұтыну фавориттері!
11 апреля 2016
Үйде тұтыну фавориттері!

АЕӨ шұжықтары Қазақстан өнімдерінің үздік жиырмасына кіреді. Зерттеулерді Қазақстанда шілде айынан бастап жұмыс істейтін және маркетингтік зерттеулерде мамандандырылатын ISA System жеке зерттеу компаниясы жүргізді. Бөлшек сауда аудиті -компания қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

Зерттеу компаниясының пікірі бойынша шұжық зауыты Микоян, Рубиком, Первомайский, Инко Фуд, Омск сүрсүбесі, Агроөнім, Черкизов және тағы басқалар сияқты тағам өндірісінің алыбы болып танылғандармен бірге көшбасшылар қатарында.

Бұл 2015 жылы Қазақстанның тұтынушылық нарығын зерттеу деректері бойынша. Халықтың қырық пайыздан астамы тұратын Қазақстанның он жеті ірі қаласын зерттеді. Зерттеу барысында 1 000 отбасы алынды. Жиынтыққа шұжықтың барлық түрлері, шұжықшалар, қысқа шұжықтар, шпикачкалар, сүрсүбелер, зельц, паштет кірді.

Зерттеулер бойынша нарықта айқын көшбасшылар жоқ, бәсекелестік жоғары, ал шұжық өнімдерінің 33 пайызы таңбалануы жоқ қаптамада белгісіз өндірушіден. Зерттеу нәтижелері сондай-ақ Қазақстан халқының жылына 185 тонна шұжық өнімдерін тұтынатынын, бұл дегеніміз жан басына шаққанда 11 кг. жуық екенін болжауға мүмкіндік береді.

Сонымен қазақстандықтар ең көп ақшаны қай өнімге жұмсайды екен? Бірінші орында шұжықшалар, қысқа шұжықтар және шпикачкалар. Сәл басымдылықпен пісірілген және жартылай қақталған шұжықтар қалып қойған, зельц пен паштетке көп сұраныс жоқ. Сонымен қатар, шикілей қақталған шұжық пен сүрсүбе де табысты емес.