2015 жылдың басында «Айтас-ЕӨ» ЖШС тұтынушыларды сервелаттар мен шұжықтардың (Докторская, Русская) жетілдірілген рецепт бойынша дайындалған жаңа түрлерімен қуантты.
Сондай-ақ, «Сытные» және «Гриль» тоңазытылған шұжықшалары компанияның жаңа өнімдері болып табылады. Және де тоңазытылған тауық котлеттері мен таяқшаларының өндірісі басталды. Өнімдер ыңғайлы қаптамада шығарылады, ұзақ сақталады және түскі және кешкі асты жылдам дайындауға кез келген әйел үшін таптырмас көмекші болып табылады.